Мақалада мемлекеттік тарифтік реттеу жағдайында жұмыс істейтін алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылар пойыздарының тасымалдау сыйымдылығын пайдалану тиімділігін арттыру әдістері қарастырылады. Динамикалық баға белгілеуге негізделген дәстүрлі кірістерді басқару жүйелерінен (Revenue Management) айырмашылығы – әлеуметтік маңызы бар теміржол тасымалдары белгіленген (бекітілген) тарифтермен шектеледі, сондықтан сұранысты реттеу үшін баға механизмдерін қолдана алмайды. Бұл жағдайда тиімділікті арттырудың негізгі құралы – түрлі жөнелту-межелі пункттер (Origin–Destination / O&D) арасында орындарды бөлуді интеллектуалды басқару болып табылады. Жұмыста пойыздарды толығу деңгейі бойынша жіктеуге, бағыттарды олардың жолаушылар айналымына қосатын үлесіне қарай сегменттеуге, виртуальды ұяшықтау (Virtual Nesting) әдісін қолдануға, жасырын сұранысты қалпына келтіруге және бағыттарды түйістіру (Route Splicing) технологиясына негізделген сыйымдылықты басқарудың кешенді әдістемесі ұсынылады. Жоспарланатын толығу коэффициентіне байланысты пойыздардың бес санаты үшін басқару алгоритмдері әзірленді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның (Қазақстан) 2022–2025 жылдар аралығындағы нақты деректері негізінде эмпирикалық талдау және имитациялық модельдеу жүргізілді. Нәтижесінде, статикалық квоталаудың базалық әдісімен салыстырғанда, жолаушылар айналымын 6–12%-ға арттырудың потенциалды мүмкіндігі көрсетілді. Жолаушылар айналымын барынша арттыру (максимизациялау) тарифтік саясатты өзгертпей-ақ, субсидияланатын тасымалдарды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретіні дәлелденді.
БЕЛГІЛЕНГЕН ТАРИФТЕР ЖАҒДАЙЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТЕМІРЖОЛ БАҒЫТТАРЫНДАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАР АЙНАЛЫМЫН БАРЫНША МАКСИМИЗАЦИЯЛАУ СТРАТЕГИЯСЫ
Жарияланған September 2026
3
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Як цитувати
[1]
Бегимбетов, О., Нурсеитова, А. , Болтайханова, Т., Тармышов, К. і Тургумбаева, Г. 2026. БЕЛГІЛЕНГЕН ТАРИФТЕР ЖАҒДАЙЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТЕМІРЖОЛ БАҒЫТТАРЫНДАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАР АЙНАЛЫМЫН БАРЫНША МАКСИМИЗАЦИЯЛАУ СТРАТЕГИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 95, 3 (Вер 2026), 176–193. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.95.3.015.