Электрондық коммерцияға сұранысты болжау жасырын рейтинг факторларының және бақыланатын сатуды шынайы сұранысқа қатысты бұрмалайтын бағаның өзгеруінің әсерінен күрделене түседі. Бұл мақалада ықтималдық болжауды, Байес белгісіздік бағалауын және себеп-салдарлық талдауды біріктіру тұрғысынан сұранысты моделдеуге заманауи тәсілдердің жүйелі шолуы ұсынылған. Үш негізгі бағыт қарастырылады: ықтималдық терең уақыт қатарлары моделдері (DeepAR, Temporal Fusion Transformer, N-BEATS, PatchTST, Chronos және TimesFM негіздік моделдері); Байес нейрондық желілері және белгісіздікті бағалауға арналған ансамбльдік әдістер; баға әсерлерін себептік моделдеу әдістері, соның ішінде Double Machine Learning және құрылымдық себептік моделдер. Әдістердің салыстырмалы талдауы белгісіздік, рейтинг және себеп-салдарлыққа байланысты есепке алу критерийлеріне негізделшп жүргізілген. Байес белгісіздікті, позициялық ауытқуды және тауардың бақыланбайтын көрінгіштігі жағдайында бағаның себеп-салдарлық әсерлерін бірге ескеретін архитектуралардың болмауы - негізгі іргелі кемшілік болып анықталды. Электрондық коммерция жағдайында шынайы сұранысты анықтау үшін жасырын рейтингтік айнымалылары бар интеграцияланған Байес себеп- салдарлық моделдерді әзірлеуге қатысты әрі қарай зерттеу бағыттары ұсынылады.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ КОММЕРЦИЯДА ЛАТЕНТТІ ФАКТОРЛАРЫ БАР РАНЖИРЛЕУДІ ЕСКЕРЕТІН СҰРАНЫСТЫ БАЙЕСТІК СЕБЕП-САЛДАРЛЫҚ МОДЕЛДЕУ
Жарияланған September 2026
6
0
Аңдатпа
Тіл
English
Як цитувати
[1]
Шапен K., А.Т., Ахмедов A. і Байшемиров Z. 2026. ЭЛЕКТРОНДЫҚ КОММЕРЦИЯДА ЛАТЕНТТІ ФАКТОРЛАРЫ БАР РАНЖИРЛЕУДІ ЕСКЕРЕТІН СҰРАНЫСТЫ БАЙЕСТІК СЕБЕП-САЛДАРЛЫҚ МОДЕЛДЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 95, 3 (Вер 2026), 103–116. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.95.3.009.
https://orcid.org/0000-0002-5065-063X