Мақалада жасанды интеллект жағдайында болашақ информатика мұғалімдерінің логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру барысында туындайтын педагогикалық мәселелер қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – болашақ информатика мұғалімдерінің логикалық ойлау дағдыларының информатика мазмұнын меңгеру барысында көрінетін пәндік әрекеттерін жүйелеу, жасанды интеллект жағдайында аталған дағдыларды қалыптастыруда туындайтын педагогикалық мәселелерді анықтау және олардың пайда болу себептері мен шешу жолдарының өзара байланысын негіздеу. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстырмалы талдау, теориялық жалпылау, жүйелеу және педагогикалық интерпретациялау әдістері қолданылды. Логикалық ойлау дағдыларының оқу әрекетіндегі көріністері ойлау операциялары мен логикалық пайымдау әрекеттерінің өзара байланысы негізінде жүйеленді. Информатика мазмұнын талдау нәтижесінде олардың алгоритмдеу және программалау, ақпараттық модельдеу, деректермен жұмыс, компьютерлік жүйелер, желілік технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және компьютерлік графика бағыттарындағы пәндік көріністері айқындалды. Жасанды интеллект құралдарының аталған логикалық әрекеттерді қолдау немесе толық не ішінара орындау мүмкіндіктерін білім алушының дербес логикалық әрекетінің сақталуымен өзара байланыста талдау нәтижесінде үш негізгі педагогикалық мәселе анықталды: білім алушының дербес логикалық әрекетін сақтау; жасанды интеллект ұсынған нәтижелерді дербес тексеру және олардың негізінде негізделген қорытынды жасау; болашақ информатика мұғалімдерін жасанды интеллект құралдарын педагогикалық мақсатқа сәйкес қолдануға даярлау. Анықталған мәселелердің пайда болу себептері мен оларды шешудің педагогикалық жолдары жүйеленді. Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект құралдарын логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруда қолданудың педагогикалық мәнін олардың технологиялық мүмкіндіктерімен ғана емес, білім алушының дербес логикалық әрекетін қолдау немесе алмастыру сипаты тұрғысынан қарастыру қажеттігін көрсетеді.
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Жарияланған September 2026
2
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Сагимбаева, А. і Сабраев, Қ. 2026. ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 95, 3 (Вер 2026), 322–332. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.95.3.027.