Зерттеу инклюзивті білім беру жағдайында математиканы оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктерін және болашақ математика мұғалімдерінің оларды кәсіби қызметте пайдалануға даярлығын зерттеуге бағытталған. Зерттеу Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің базасында ұйымдастырылды. Зерттеу әдістемесі сауалнама мен практикалық математикалық тапсырмаларды кешенді қолдануға негізделді. Практикалық бөлімде GeoGebra және Desmos цифрлық орталары қолданылып, қатысушылардың математикалық мазмұнды визуализациялау, цифрлық құралдарды пайдалану, тапсырмаларды инклюзивті білім беру талаптарына бейімдеу және даралау қабілеттері бағаланды. Практикалық жұмыстар математикалық дұрыстық, цифрлық құралды пайдалану, визуализация, инклюзивті бейімдеу және тапсырмаларды даралау критерийлері бойынша талданды. Зерттеудің әдістемелік негізі цифрлық технологияларды техникалық меңгеруді ғана емес, оларды математикалық мазмұнмен және инклюзивті педагогикалық міндеттермен кіріктіре қолдануды қарастырады. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы болашақ математика мұғалімдерін даярлау бағдарламаларында цифрлық және инклюзивті құзыреттіліктерді өзара байланысты қалыптастыруға бағытталған практикалық тапсырмаларды жетілдіру мүмкіндігімен анықталады.
ИНКЛЮЗИВТІ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ
Жарияланған September 2026
10
0
Аңдатпа
Тіл
English
Як цитувати
[1]
Мамадалиев T.S. 2026. ИНКЛЮЗИВТІ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 95, 3 (Вер 2026), 128–140. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.95.3.011.