Мақала суицидтік мінез-құлық белгілері бар қазақ тіліндегі мәтіндер моделін құруға арналған. Есептеу лингвистикасы табиғи тілді өңдеуді, яғни Natural Language Processing (NLP) қамтиды. Осы зерттеу қорытындысы NLP міндеттерін шешуде қолданылары сөзсіз, айталық, мәтін корпустарын анықтауда, білім салаларында, деректерді іздеу жүйелерінде, машиналық аудармада және басқа да салаларда. Мақалада қарастырылған басты мәселе машиналық және терең оқыту әдістерін қолданып, ашық ақпарат көздеріндегі мәліметтерден өз-өзіне қол жұмсау әдеттерін бірден байқау болып табылады. Қазақ тіліндегі мәтіндерді талдау арқылы тиімді жіктеу модельдерін әзірлеу және оларды салыстыру көзделеді. Мемлекеттік тілдегі тексттерді қайта баптаудың айырмашылықтары, соның арасындағы морфологиялық қиындықтар мен агглютинация құбылысы назарға алынатын болады. Ізденіс жұмысы ұлттық тіліміздегі өзін өлімге қию бағытындағы деректерді айқындауға бейімделген машиналық оқыту қалыптарын дайындау, сонымен қатар өзара әсерлесуін қарастыра отырып көзге түседі. Жасанды интеллектті пайдалана отырып Интернет көздерін мұқият қадағалауды жетілдіру, дағдарыстық жағдайларға ерте жауап беруге мүмкіндік береді.
СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ БАР ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МӘТІНДЕР МОДЕЛІН ЖӘНЕ ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРУ
Жарияланған September 2026
3
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Зиятбекова, Г., Шекербаева, Ш., Акжолова, А., Сыдыкова, М. і Полатова, Ж. 2026. СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ БАР ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МӘТІНДЕР МОДЕЛІН ЖӘНЕ ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 95, 3 (Вер 2026), 220–231. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.95.3.019.