Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ЯКОБИ КООРДИНАТТАРЫНДАҒЫ ОСКУЛЯЦИЯЛАНАТЫН АЙНЫМАЛЫЛАРДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ТЕҢДЕУЛЕРІ

Жарияланған October 2026

0

0

М.Дж. Минглибаев+−
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ,
М. Сапарова+−
Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты, Алматы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ,
Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты, Алматы
Аңдатпа

Жұмыста көп денелі мәселелерді шешудің тиімді әдісі ретінде Якоби координаттарындағы қозғалыс теңдеулерін оскуляциялық элементтер арқылы сипаттау мәселесі қарастырылады. Айнымалы массалы, изотропты емес TPAPPIST-1 жеті планеталы экзопланеталық жүйенің реактивті күштер бар болған кездегі Якоби координатасын пайдалана отырып, оскуляция элементтері арқылы қозғалыс теңдеуі жазылған. Көп денелер есебінде әдеттегі гелиоцентрлік координаттарды пайдалану есептеуді қиындатады. Якоби координаттары әрбір дененің қозғалысын оған дейінгі денелердің массалар центріне қатысты қарастырады  яғни есепті тәуелсіз екі денелі есептерге бөлуге мүмкіндік береді. Денелер Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес өзара тартылады. Массаның айнымалы болуы есебінен, есепті күрделендіретін реактивті күштер бар.  Зерттеудің негізгі мақсаты — оскуляциялық элементтерді уақыт бойынша өзгеретін айнымалылар ретінде қабылдап, олардың эволюциясын сипаттайтын дифференциалдық теңдеулер жүйесін құру. Якоби координаттары есепті жеңілдетсе, оскуляциялық айнымалылар қозғалыстың геометриялық бейнесін (орбитаның пішіні мен бағытының өзгеруін) көруге мүмкіндік береді.

 Якоби координаттарында алынған есептің қозғалыс теңдеулеріне сүйене отырып, канондық ұйытқу теориясы  құрылып, Якоби мен Делоне элементтерінің аналогтарындағы ұйытқыған қозғалыс теңдеулері алынды.  Бұл тәсіл көп планеталы жүйенің қозғалысын жоғары дәлдікпен есептеуге мүмкіндік береді. Алынған теңдеулер негізінде есепті барицентрлік координата жүйесінде зерттеп, ұйытқу теориясын пайдалануға болады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Як цитувати

[1]
Минглибаев, М. і Сапарова, М. 2026. ЯКОБИ КООРДИНАТТАРЫНДАҒЫ ОСКУЛЯЦИЯЛАНАТЫН АЙНЫМАЛЫЛАРДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ТЕҢДЕУЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 95, 3 (Жов 2026), 83–93. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.95.3.007.