технологияларын қолдану ерекшеліктері және осы үдерістегі педагогикалық бақылаудың рөлі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – студенттердің өзіндік жұмыстарында жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімділігін зерттеу және педагогикалық бақылаудың оқу нәтижелеріне ықпалын анықтау. Зерттеу барысында теориялық талдау, салыстырмалы талдау, сауалнама, педагогикалық бақылау, педагогикалық эксперимент және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. Зерттеудің эмпирикалық базасын педагогикалық экспериментке қатысқан 182 студенттің (n = 182) деректері құрады. Мәліметтер орташа мәндерді салыстырмалы талдау, екі факторлы дисперсиялық талдау және панельдік регрессия әдістері арқылы өңделді. Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект құралдарын педагогикалық бақылаумен ұштастыра қолдану студенттердің оқу мотивациясын, академиялық дербестігін және тапсырмаларды орындау сапасын арттыратынын көрсетті. Сонымен қатар педагог тарапынан жүйелі кері байланыс пен бақылау ұйымдастырылған жағдайда жасанды интеллектіні жауапты пайдалану және академиялық адалдық қағидаларын сақтау деңгейі жоғарылайтыны анықталды. Алынған нәтижелер жасанды интеллектінің білім сапасына оң әсері тек жүйелі педагогикалық бақылау жағдайында ғана тұрақты болатынын дәлелдеді. Бақылау жеткіліксіз болған жағдайда студенттердің дербес танымдық белсенділігі мен оқу тапсырмаларын саналы орындау деңгейінің төмендеу үрдісі байқалды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы жасанды интеллектіні студенттердің өзіндік жұмыстарында қолданудың тиімділігі педагогикалық бақылаудың жүйелілігіне тікелей байланысты екенін негіздеумен сипатталады.
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДА ҚОЛДАНЫЛУЫ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ РӨЛІ
Жарияланған September 2026
9
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Ажибеков, К., Мадияров, Н., Утеулиев, Н., Алтынбеков, Ш. і Ажибеков, М. 2026. ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДА ҚОЛДАНЫЛУЫ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 95, 3 (Вер 2026), 265–277. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.95.3.023.
https://orcid.org/0000-0002-0155-3454