Бұл мақалада физика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жасанды инттелектіні қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жасанды инттелектіні қолдану жолдарын көрсету. Яғни, физика сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын, виртуалды эксперименттерді, 3D модельдерді және жағдаяттық тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тиімділігін анықтау. Мақалада физиканы оқытуда foxar.education, efizika.ru және Corinth платформаларындағы виртуалды эксперименттерді қолдану қарастырылды. Оқушыларға Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу, Кішкентай денелердің өлшемін анықтау, Тұрақты электр тогы тақырыптары бойынша практикалық жағдаяттық тапсырмалар ұсынылды. Физиканы оқытуда жасанды инттелектінің мүмкіндіктерін тиімділігін бағалау мақсатында мұғалімдер арасында сауалнама жүргізілді. Мұғалімдердің басым бөлігі жасанды инттелект көмегімен жүргізілген виртуалды эксперименттердің оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға және физикалық құбылыстарды терең түсінуіне, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға оң әсер ететінін атап өтті. Зерттеу қорытындылары мектепте физиканы оқытуда жасанды инттелектіні жүйелі қолдану оқушылардың функционалдық сауаттылығын, зерттеушілік және практикалық дағдыларын қалыптастыратындығын көрсетті.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАСАНДЫ ИНТТЕЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жарияланған September 2026
5
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Сыдыкова, Ж., Ерженбек, Б., Жанбекова, Г., Нурмухамедова, Ж. і Нурбаева, Д. 2026. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАСАНДЫ ИНТТЕЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 95, 3 (Вер 2026), 333–344. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.95.3.028.
https://orcid.org/0000-0003-4146-6539