Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БЕТ-ӘЛПЕТ БИОМЕТРИЯЛЫҚ ШАБЛОНДАРЫН ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ҚҰПИЯНЫ БӨЛУ СХЕМАСЫ

Жарияланған September 2026

2

0

Н.С. Ергеш+−
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Н.А. Капалова+−
Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты
Аңдатпа

Бет-әлпет биометриялық шаблоны - тұрақты идентификатор: сақталған шаблон әшкереленгенде оны қайта шығару мүмкін емес, сондықтан бір түйінде сақтау сыни ақаулық нүктесін құрайды. Бұл жұмыс авторлар бастаған бет-әлпет шаблондарын пороговый құпияны бөлу схемаларымен қорғау бағытының жалғасы болып табылады және дәл бет-әлпет биометриясына арналған модификацияланған алгоритмді әзірлеуге бағытталған. Бастапқы нүкте ретінде жалпы құпия деректерге ұсынылған, көп айнымалылы сызықтық функцияларға негізделген үлестерді тексеретін құпияны бөлу схемасы алынды. Оның математикалық ережесі өзгертілді: псевдокездейсоқ коэффициенттер матрицасының орнына құрылымдалған вандермонд ережесі енгізіледі, қорғалған жазбаны блоктарға бөлу мен маскалау қосылады, ал хеш-тексеру шартсыз тұрақты алгебралық аутентификация кодымен ауыстырылады. Алынған блоктық-оралған құпияны бөлу схемасы MDS қасиетіне ие, t табалдырығына дейін мінсіз құпиялылықты, рамп-режимде дәл шектелген ағуды және үлестерді тексерудің шартсыз беріктігін қамтамасыз етеді; барлық қасиеттер қатаң дәлелденген. Тәжірибеде n = 7, k = 5 болғанда барлық 6300 ішкі жиын қатесіз қалпына келтірілді; шағын өрісте модификацияланған схема бірде-бір азғындаған ішкі жиын бермеді (бастапқы схемада 0,41 %); рамп-режимдегі ағу теориямен дәл сәйкес келді. 256 байттық жазба үшін орау үлестердің жалпы көлемін 64 есе, ал тексеру метадеректерін екі есе қысқартады; үлесті шартсыз тексеру 0,0012 мс-та орындалады. Тану дәлдігі фронтендтен мұраланады және қорғау қабатымен өзгермейді: терең эмбеддинг режимінде EER (equal error rate) 0,30 %, жоғары сапалы режимде - 0,02 % құрайды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Як цитувати

[1]
Ергеш, Н. і Капалова, Н. 2026. БЕТ-ӘЛПЕТ БИОМЕТРИЯЛЫҚ ШАБЛОНДАРЫН ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ҚҰПИЯНЫ БӨЛУ СХЕМАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 95, 3 (Вер 2026), 201–210. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.95.3.017.