Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МОДЕЛІ

Жарияланған September 2026

3

0

Б.Ж. Нурбеков+−
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0000-0002-5672-9584
А.О. Байарыстан+−
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
С.Ә. Сантеева+−
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0000-0001-9426-6704
Г.Б. Толегенова+−
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0000-0002-0437-5446
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Торайғыров университеті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г.Б. Толегенова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Аңдатпа

Соңғы жылдары жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып, жоғары білім беру жүйесінде математика пәндерін оқытуда жаңа мүмкіндіктер ашуда. Осыған байланысты жұмыста жасанды интеллект негізінде жоғары математиканы оқытудың әдістемелік моделін жасау және осы модельдің тиімділігін бағалауға арналған диагностикалық-аналитикалық құралдарды ұсыну мақсат етілді. Жұмыс барысында виртуалды есептер жинағы мен интеллектуалды чат-боттың нақты қандай функцияны атқаратыны айқындалып, технологияны қолдану реті мен ішкі құрылымы белгіленді, оқу жетістіктерін өлшейтін критерийлер тұжырымдалды, студенттердің қанағаттануын бағалайтын сауалнама әзірленді, деректерді жинау мен статистикалық өңдеудің тәртібі қалыптастырылды, ал ұсынылған талдамалық аппарат модельдік деректерде тексерістен өтті. Әдістемелік модель бір-бірімен тығыз байланысты төрт блоктан – мақсаттық, мазмұндық-технологиялық, ұйымдастырушылық-әрекеттік және бағалау-нәтижелік блоктардан тұрады, сондай-ақ интеллектуалды қолдаудың үш деңгейі, атап айтқанда бағдарлаушы, бағыттаушы және түсіндіруші деңгейлер әзірленді. Нәтижелерді бағалау үшін оқу жетістіктері мен студенттердің қанағаттануы бойынша екі топ көрсеткіш ұсынылды, ал модельдік деректер негізінде жүргізілген валидация ұсынылған аналитикалық хаттаманың жұмысқа жарамды екенін дәлелдеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы виртуалды есептер жинағы мен чат-ботты бірыңғай оқу циклінде реттелетін ЖИ-қолдау деңгейлерімен және екі компонентті бағалау жүйесімен ұштастыруында жатыр, ал практикалық маңыздылығы әзірленген модель мен құралдарды Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында қолдану мүмкіндігінде жатыр.

pdf
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Нурбеков, Б., Байарыстан, А., Майдисарова, Д., Сантеева, С. і Толегенова, Г. 2026. ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 95, 3 (Вер 2026), 310–321. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.95.3.026.