Мақалада жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, білім беру құжаттарының мазмұнын бағалауды автоматтандыруға арналған білім беру бағдарламаларын талдаудың веб-жүйесін әзірлеу қарастырылады. Жекелеген құжаттарды жергілікті өңдеуге бағытталған қолданыстағы шешімдерден айырмашылығы, ұсынылған жүйе frontend, backend, реляциялық деректер базасы, PDF құжаттарын өңдеу модулі және жасанды интеллект модулінен тұратын клиент–серверлік архитектура негізінде веб-қосымша ретінде жүзеге асырылған. Әртүрлі рөлдегі пайдаланушылардың (оқытушы, студент және әкімші) өзара әрекеттесуін, деректерді сақтау құрылымын және жүйе ішіндегі өңдеу маршрутын сипаттайтын жүйенің жұмыс логикасы ұсынылған. Білім беру бағдарламаларының мазмұнын интеллектуалды талдау үшін табиғи тілді өңдеу (Natural Language Processing, NLP) әдістері мен үлкен тілдік модельдер (Large Language Models, LLM) қолданылады, бұл әмбебап құзыреттерді (soft skills) автоматты түрде анықтауға және білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсынымдар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Талдау нәтижелері деректер базасында сақталып, веб-интерфейс арқылы пайдаланушыларға қолжетімді болады. Әзірленген веб-жүйе білім беру бағдарламаларын талдау үдерісін автоматтандыруды қамтамасыз етеді, сараптамалық бағалаудың еңбек сыйымдылығын төмендетеді, талдаудың объективтілігін арттырады және білім беру ұйымдарында еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын мониторингтеу және жетілдіру мақсатында қолданылуы мүмкін.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАЛДАУДЫҢ ВЕБ-ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ЛОГИКАСЫ
Жарияланған September 2026
5
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Як цитувати
[1]
Найманова, Д., Даутова, А., Алимова, Ж. і Н.Н. 2026. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАЛДАУДЫҢ ВЕБ-ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ЛОГИКАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 95, 3 (Вер 2026), 295–309. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.95.3.025.
https://orcid.org/0000-0003-4434-4852