Цифрлық трансформациясы жағдайында педагогикалық білім берудің SMART-аудиториясы тек технологиялық жабдықталған оқу кеңістігі ретінде ғана емес, сонымен қатар болашақ педагогтердің білім беру, жобалау және зерттеу қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін интеграцияланған физикалық-цифрлық орта ретінде қарастырылады. Осы саладағы зерттеулердің дамуына қарамастан, ғылыми әдебиеттерде негізінен SMART-аудиторияларды қолданудың жекелеген технологиялық шешімдері мен бағыттары ұсынылған, ал оларды біртұтас білім беру жүйесі ретінде ұйымдастыру мәселелері жеткіліксіз дамыған. Осыған байланысты SMART-аудитория құрылымын, оның қатысушыларын, ресурстарын, қызмет бағыттары мен өзара байланыстарын жүйелі түрде ұсыну, сондай-ақ осы қызметті цифрлық сүйемелдеуге қойылатын талаптарды айқындау қажеттілігі туындайды. Зерттеудің мақсаты – педагогикалық білім беру жүйесіндегі SMART-аудитория қызметін ұйымдастыру мен цифрлық сүйемелдеудің тұжырымдамалық моделін әзірлеу, оның құрылымын, қатысушыларын, ресурстарын, қызметі мен өзара байланысының негізгі бағыттарын көрсететін және цифрлық сүйемелдеудің технологиялық негізі ретінде цифрлық платформаның функционалдық құрылымы мен ақпараттық архитектурасын айқындау. Нәтижесінде SMART-аудиторияның өзара байланысты жеті компоненті анықталды, оның жоспарлаудан бастап нәтижелерді талдауға және таратуға дейінгі циклі ұсынылды, цифрлық сүйемелдеуге қойылатын талаптар тұжырымдалды, цифрлық платформаның функционалдық құрылымы мен ақпараттық архитектурасы әзірленді. Ұсынылған тұжырымдамалық модель SMART-аудитория қызметінің құрылымы мен ұйымдастырылуын жүйелейді, оның компоненттері арасындағы байланысты белгілейді және бірыңғай цифрлық платформаны жобалау үшін негіз құра отырып, цифрлық сүйемелдеуге қойылатын талаптарды айқындайды.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ SMART АУДИТОРИЯ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ МОДЕЛІ
Жарияланған September 2026
3
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Як цитувати
[1]
Камалова, Г., Тұрашова, Ш. і Ерсін, М. 2026. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ SMART АУДИТОРИЯ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 95, 3 (Вер 2026), 278–294. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.95.3.024.
https://orcid.org/0000-0001-6406-8897