Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту

Уважаемые пользователи! На нашем хостинге ведутся технические работы, на сайте могут быть ошибки. Приносим свои извинения за временные неудобства.

Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН СИНХРОНДЫ ЖӘНЕ АСИНХРОНДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Жарияланған March 2022
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ., Қазақстан
Аңдатпа

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде онлайн және қашықтықтан, дәстүрлі оқытудың қатар жүргізілуіне байланысты ауқымды өзгерістер болып отыр. Бұл өзгерістер білім алушыларға көптеген әлемдік және отандық деңгейдегі онлайн және қашықтықтан оқытуға арналған платформаларды, ресурстарды, оқу материалдарын кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Әйтсе де, ана тілімізде жасалған құралдар мен әдістемелер, оларды оңтайлы пайдалану, өз бетінше тапсырмаларды орындау және білім сапасын арттыру мақсатында жүйелілікті қамтамасыз ету жеткіліксіз. Осыған байланысты, жүйелі және тиімді, қажетті, қолайлы платформаны таңдаумен қатар, оқу мазмұнына сәйкес кешенді құру ең өзекті мәселелердің бірі деп санаймыз.

Электрондық білім беру ресурстарының ғалымдардың ғылыми жұмыстарындағы алатын орны зерделенді. Синхронды және асинхронды оқытудың оқу сапасын арттырудағы мүмкіндіктері талданып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.

Мақалада синхронды және асинхронды білім беруді ұйымдастырудағы негізгі мәселелері зерттелді. Осының негізінде информатиканы асинхронды оқытудың технологиялық құрылымының моделі жасалды. I-Learning қосымшасында 9-сыныпқа арналған информатика пәнін синхронды және асинхронды оқытудың кешендік курсы әзірленіп, сынақтан өткізілді. Осы мақалада жүргізілген эксперименттің оң нәтижелері көрсетілді.

 

 

.pdf
Тіл

Қаз

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мадьярова, Г. і Адамова, Қ. 2022. ИНФОРМАТИКА ПӘНІН СИНХРОНДЫ ЖӘНЕ АСИНХРОНДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 240–246. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7901.32 .