Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ ДЕРБЕСТЕНДІРІЛГЕН ОҚЫТУ: ЖҮЙЕЛІ ӘДЕБИ ШОЛУ

Жарияланған March 2025

87

47

Б. Дуйсекеева+
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан
https://orcid.org/0009-0004-7277-7422
С. Конева+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0003-0003-3630
Т. Сарсембаева+
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0009-0001-8626-2268
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Аңдатпа

 XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру – қазіргі білім берудің маңызды жаһандық міндеттерінің бірі.
Бұл орта білім жетістіктері мен жоғары оқу орындарының талаптары, сондай-ақ жұмыс берушілер мен оқушылардың қажеттіліктері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған. Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған білім беруді дамыту реформасының
тұжырымдамасына сәйкес, білім беру процесі оқушылар мен олардың қажеттіліктеріне бағдарлануы тиіс. Мақалада дербестендірілген оқыту мен жасанды интеллекттің білім беру процесіне әсері қарастырылады. Оқушының мүмкіндіктері, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне негізделген білім беру траекториясының табысты жұмыс істеу мәселесі дербестендірілген оқытуға көшу арқылы
шешіледі. Бұл тәсіл оқушы мен мұғалімнің әрекеттерін өзгерту арқылы білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Цифрлық технологиялар дәуірінде дербестендірілген оқыту білім беру саласының назарын аудартып, оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру, өзара әрекеттестікті нығайту және үлгерімді арттыру үшін тиімді құралға айналды. Мақалада дербестендірілген оқыту мен жасанды
интеллекттің ықпалына арналған жүйелі әдеби шолу ұсынылады. Зерттеудің мақсаты – орта білім беру жүйесінде дербестендірілген оқытудың тиімділігін, осы тәсілді жүзеге асыруда жасанды интеллект пен заманауи технологиялардың рөлін талдау және оларды білім беру жүйесіне интеграциялау бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу міндеттері дербестендірілген оқыту бойынша негізгі зерттеулерді талдау, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау болып табылады. Зерттеу үшін PRISMA
әдіснамасы таңдалып, 2014-2023 жылдар аралығындағы Scopus деректер базасындағы мақалалар қамтылды. Мақалада дербестендірілген оқыту әдістемесінің дамуының әртүрлі аспектілері, соның ішінде МООС курстары, интеллектуалды тәлімгерлік жүйелер, онлайн және бейімделген жүйелер, толықтырылған және виртуалды шындықты пайдалану қарастырылған. Зерттеу нәтижелері білім беру мекемелерінде дербестендірілген оқытуға көшудің жобалық жүйелерін әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

pdf
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Дуйсекеева, Б., Конева, С. і Сарсембаева, Т. 2025. ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ ДЕРБЕСТЕНДІРІЛГЕН ОҚЫТУ: ЖҮЙЕЛІ ӘДЕБИ ШОЛУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.89.1.023.