Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУҒА STEM-БІЛІМ БЕРУДІ КІРІКТІРУДЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланған December 2024

75

71

T.Ф. Маратова+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0009-0000-8829-4821
Б.Г. Бостанов+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0002-2644-5919
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Аңдатпа

Бұл зерттеу Алматы қаласындағы 43 мектептен 129 информатика мұғалімі (51 ер адам және 78 әйел) қатысқан сандық әдіске негізделген. Бұл зерттеудің мақсаты болашақ информатика мұғалімдерін даярлауға STEM (science, technology, engineering and mathematics) кіріктірілген білім беруді енгізудегі кедергілер мен оларды шешу жолдары туралы білу. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын әзірлеуде қолдануға болады, бұл болашақ информатика мұғалімдерінің дайындығын жетілдіруге әкеледі. STEM білім берудің артықшылықтары мен стратегиялары туралы зерттеулерге қарамастан, оны жүзеге асырудағы кедергілер мен оларды шешу жолдары, әсіресе оқытушылардың көзқарасы бойынша, онша түсінікті болмауы мүмкін. Болашақ информатика мұғалімдерін даярлау барысында ресурстардың шектеулі қолжетімділігі, мұғалімдердің жеткіліксіз дайындығы, қайта даярлау үшін уақыт пен қаражаттың жетіспеушілігі сияқты әртүрлі кедергілер кездеседі.  Бұл кедергілер STEM-ді оқыту тәжірибесіне кіріктіруге кедергі келтіруі мүмкін жеке, институционалдық және жүйелік мәселелерді қамтиды. Зерттеу осы олқылықтарды анықтайды және информатика саласындағы білім беру сапасын жетілдіруге және болашақ информатика мұғалімдерін даярлауға кедергілерді жою қажеттілігін көрсетеді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Як цитувати

[1]
Маратова T. і Бостанов, Б. 2024. ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУҒА STEM-БІЛІМ БЕРУДІ КІРІКТІРУДЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2024), 262–269. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.88.4.02.