Зерттеу барысында информатика мұғалімдерінің білім беру тәжірибесінде визуализациялау технологияларын қолдануға дайындығының диагностикалық моделі жасалды. Модель өзара байланысты және кәсіби дайындық деңгейін анықтайтын үш негізгі құрамдас бөлікті қамтиды: пәндік, әдістемелік және басқарушылық. Әрбір компонент бойынша мұғалімдердің құзыреттілігін жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік беретін дайындық деңгейлері (төмен, орташа, жоғары) анықталды. Қолданылатын әдістерге теориялық талдау, критериалды бағалау және мұғалімнің дайындық динамикасын салыстыру үшін математикалық есептеулер жатады. Зерттеу нәтижелері ұсынылған модель нақты диагностиканы анықтауға мүмкіндік беріп, педагогтардың кәсіби дайындығын арттыруға қолдау көрсететінін айқындады. Бұл модельді пайдалану цифрлық құзыреттілікті дамытуға және оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Әзірленген бағалау жүйесінің білім беру ғылымы үшін маңызы зор, өйткені ол визуализация мен оқытудың заманауи тәсілдерін біріктіру арқылы мұғалімдердің цифрлық орта талаптарына бейімделуіне жағдай жасайды. Модель мұғалімдердің кәсіби дайындығының сапасын бағалау үрдісін жүргізуге арналған.
ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ВИЗУАЛИЗАЦИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МОДЕЛІ
Жарияланған December 2024
44
45
Аңдатпа
Тіл
Русский
Як цитувати
[1]
Бақытбекова, Ж. і Пак, Н. 2024. ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ВИЗУАЛИЗАЦИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2024), 218–232. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.88.4.022.
https://orcid.org/0009-0008-0634-0491