Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ОҚУШЫЛАРДЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ӘДІСТЕРМЕН ШЕШУГЕ БАУЛУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

Жарияланған July 2026

0

Д. Нурбаева+
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
KazNPU
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Аңдатпа

Мақалада мектеп оқушыларын математикалық есептерді стандартты емес әдістермен шешуге баулудың теориялық және әдістемелік аспектілері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі білім беру жүйесінде лицейлер мен гимназияларда математиканы тереңдетіп оқыту, оқушылардың логикалық, аналитикалық және шығармашылық ойлауын дамыту қажеттілігімен, сондай-ақ математика пәні бойынша олимпиадалық және қорытынды бағалау тапсырмаларын (ББЖМ, ҰБТ) тиімді орындауға даярлау мәселелерімен айқындалады. Зерттеу барысында шетелдік және отандық ғалым-әдіскерлердің математикалық есептерді шешудің стандартты емес әдістеріне арналған еңбектері талданып, олардың жіктемесі жүйеленді. Стандартты емес әдістерді қолданудың кезеңдері мен ерекшеліктері нақты мысалдар арқылы көрсетіліп, олардың оқушылардың танымдық іс-әрекетіне ықпалы сараланды. Сонымен қатар мақалада жалпы білім беретін мектептің 10–11-сынып оқушыларымен жүргізілген педагогикалық эксперименттің ұйымдастырылуы мен нәтижелері баяндалады. Стандартты емес әдістерді мақсатты қолдану оқушылардың есеп шығару дағдыларының, логикалық ойлауының және танымдық дербестігінің даму динамикасына оң әсер ететіні эксперимент нәтижелері арқылы дәлелденді. Ұсынылған әдістемелік тәсілдердің тиімділігі анықталып, зерттеу материалдарын математика тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда, элективті курстарда және олимпиадалық дайындық барысында қолдану мүмкіндігі негізделді.

Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Беккул A. і Нурбаева, Д. 2026. ОҚУШЫЛАРДЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ӘДІСТЕРМЕН ШЕШУГЕ БАУЛУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 94, 2 (Лип 2026).