Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

Журнал туралы

«Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы. Физика-математика ғылымдары сериясы» ғылыми журналы математика, механика және физика, информатика, сонымен қатар білім беруді ақпараттандыру және мектепте, колледжде және ЖОО-да физика-математика пәндерін оқыту әдістемесі бойынша ғылыми-білім беру басылымы болып табылады.

Тақырыптық бағыты: математика, физика және информатика саласындағы ғылыми-әдістемелік және практикалық материалдарды жариялау.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органда қайта есепке қою туралы куәлік № KZ41VPY00033629, 19.03.2021 ж. Нұр-сұлтан қ. Алғашқы есепке қою нөмірі мен күні 4824-Ж, 15.03.2004 ж. (журнал 2000 жылдан бастап шығарылады).

Тарату аумағы: Қазақстан Республикасы

Тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Халықаралық стандарттық серия нөмірі: (ISSN-L): 2959-5886

ISSN (Online): 2959-5894 Сертификат 

«Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы. Физика-математика ғылымдары сериясы» журналы ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін келесі бағыттар бойынша жариялайды:

- 10100 Математика;

- 21100 Компьютерлік ғылымдар және информатика;

- 50300 Білім (оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі/математика, физика, информатика, білімдi ақпараттандыру).

Журнал "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ (ҰМҒТСО) мәліметтер базасына кіреді және қазақстандық цитаттау базасы (ҚазЦБ) бойынша нөлдік емес импакт факторы бар (http://www.nauka.kz). Сілтемені мына жерден де білуге ​​болады.

Журнал «АКТ» бағыты бойынша ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынатын ғылыми басылымдар тізіміне енгізілген, 01.07.2021 ж., Бұйрық №539; "Математика" бағыты бойынша 16.11.2021 ж., Бұйрық №797.