Қазіргі уақытта студенттердің микроконтроллер мен микросхемаларды зерттеуі "Компьютерлік инженерия"білім беру бағдарламасы бойынша өте маңызды және сұранысқа ие болып отыр. Бұл білім мен дағдылар түлектерді өнеркәсіпте, ғылымда және білім беруде жұмысқа орналастыру үшін қажет болады. Осы жүйелердің архитектурасын және осы жүйелерді қауіпсіз және сенімді пайдалану дағдыларын түсінуді қажет ететін үлкен техникалық жүйелер пайда болуда. Бұл мақалада шифрланған мәліметтер бойынша есептеулерді алдымен шифрын ашпастан жүргізуге мүмкіндік беретін толық гомоморфты шифрлау технологиялары қарастырылады. Мұндай технологияларға деген қызығушылықтың артуы толық гомоморфты шифрлауды қолдайтын бағдарламалық құралдар мен кітапханалардың пайда болуына әкелді. Алайда, криптографияның осы саласына қатысты салыстырмалы түрде жас болғандықтан, толық гомоморфты шифрлау схемаларын қолдану бойынша стандарттар мен ұсыныстар әлі де дамуда. Мақалады гомоморфты шифрлауды қолданудың негізгі салалары көрсетілген. Гомоморфты шифрлау саласындағы қолданыстағы кітапханаларға талдау жасалды. Талдаудың нәтижесінде гомоморфты шифрлаудабөлу мен азайту операциясын жүзеге асыру қажеттілігі, сондай-ақ бүтін сандарға гомоморфты шифрлау кітапханасын іске асыруды әзірлеудің өзектілігі анықталды. Гомоморфты шифрланған мәліметтерге бөлу әрекетін орындауға мүмкіндік беретін гомоморфты бөлу әдісі ұсынылды.
ATMELAVR ЯДРОСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ӘРТҮРЛІ ӨНІМДІЛІКТЕГІ МИКРОКОНТРОЛЛЕРЛЕР ҮШІН ГОМОМОРФТЫ ШИФРЛАУ КІТАПХАНАСЫН ЖОБАЛАУ
Жарияланған March 2023
114
62
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Темирбекова, Ж., Пыркова, А., Ордабаева, Г. і Зуева E. 2023. ATMELAVR ЯДРОСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ӘРТҮРЛІ ӨНІМДІЛІКТЕГІ МИКРОКОНТРОЛЛЕРЛЕР ҮШІН ГОМОМОРФТЫ ШИФРЛАУ КІТАПХАНАСЫН ЖОБАЛАУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 81, 1 (Бер 2023), 170–177. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.81.1.019.