Мақалада бұлттық технологияларды оқыту үдерісінде қолданудың артықшылықтары, ғылыми әдебиеттерге теориялық зерттеу жүргізе келе келтірілген. «Бұлттық технология» соңғы онжылдықтағы ақпараттық технологиялардың даму эволюциясының нәтижесінде пайда болды. «Бұлттық технология» термині ғылымитехникалық әдебиеттерде жиі кездеседі. Бұл термин желілік қол жеткізу моделінің қолданушы талабы бойынша жалпы компьютерлік ресурстар жиынымен (желілер, серверлер, сақтау құралдары, қосымшалар, қызметтер), жұмыс жасауға тез дайын бола алатын; сонымен қатар қолданушы мен қызмет ұсынушы арасындағы минималды өзара іс-әрекетті талап ететін, тек интернет желісіне қосылған компьютер немесе қалта телефонының болуымен түсіндіріледі. Бұлттық технологиялардың оқыту үрдісінде қолдану барысында барлық оқу әдістемелік құралдарды, практикалық және теориялық тапсырмаларды интернет желісіне салып қою «ауада қалқып» жүр десек те болады. Бұлттық есептеудің болашағы зор, сондықтан ақпараттық технологиямен байланысы бар кез келген маман осы технологияны игеруі міндетті болады.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Исабаева, Д. і Шекербекова, .Ш. 2020. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА БҰЛТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 239–244. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.38.