Соңғы уақытта заманауи ақпараттық технологиялар өнеркәсіптің көптеген салаларында қолданылады және параллельді есептеулерді қолдану сандық модельдеудің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл зерттеуде жоғары өнімді есептеу технологияларын қолдана отырып, мұнайды ығыстырудың сандық моделі әзірленді. Атап айтқанда, Бакли-Леверетт моделі арқылы мұнайдың ығысу процесі сипатталды. Жоғары өнімді есептеу технологиялары ретінде OpenMP, MPI және гибридті (OpenMP+MPI) параллельді есептеу моделі қарастырылды. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты, әр түрлі технологиялар бойынша параллельді алгоритмдердің есептеу уақытына және үдеуіне салыстырмалы талдау жасау болып табылады. Параллельді алгоритмдердің есептеу моделдері құрылды және нәтижелері салыстырылды.
MPI+OPENMP ГИБРИДТІ ПАРАЛЛЕЛЬДІ АЛГОРИТМІН ПАЙДАЛАНЫП МҰНАЙ ЫҒЫСТЫРУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ
Жарияланған March 2023
150
90
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Махмут E., Кенжебек, Е. і Иманкулов, Т. 2023. MPI+OPENMP ГИБРИДТІ ПАРАЛЛЕЛЬДІ АЛГОРИТМІН ПАЙДАЛАНЫП МҰНАЙ ЫҒЫСТЫРУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 81, 1 (Бер 2023), 56–65. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.81.1.006.