Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БІР ЖОЛЫ

Жарияланған December 2022

285

228

Г.Б Ахмедиева+
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университті
Макашевна+
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Шаймерденовна+
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г.Б Ахмедиева

3-ші курс докторанты

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Макашевна

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Шаймерденовна

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Аңдатпа

Зерттеу мәселесі қазіргі заманғы мектептің басты мәселелерінің бірі білікті, құзыретті кадрлардың жеткіліксіздігінен туындады. Сондықтан мақалада ЖОО-да педагогтарды даярлау негізінен пәндік білім беру, педагогика мен пәнді оқыту әдістемесінің теориясын қарастырумен шектелетіндігі анықталған. Олай болса, бүгінгі таңда тәжірибе барысын заманауи мектептің қажеттіліктеріне орай бағыттау қажет. Мектеп мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында олардың біліктілік сәйкестігін анықтау барысы өзгеріп отыр. Мектеп қабырғасындағы білім беру «өмір бойы оқу» концепциясына сай білімдер мен дағдыларды дамытуға бағытталуы қажет екендігі айқын.

Зерттеу мақсаты құзыреттілік, математика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі ұғымдарына талдау жасап, қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің негізгі шарттарын анықтау. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық  даму жоспарында көрсетілген оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру үшін жолдары қарастырылған. Зерттеу барысында қолданылған әдістер: Жұмыс барысында математика, жаратылыстану пәндері мұғалімдері арасында «Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытудағы кәсіби құзыреттіліктің рөлі» тақырыбында жүргізілген сауалнама нәтижелері талданып, ой-қорытындылар жасалды. Нәтижесінде мұғалімдерге оқушылардың функционалдық сауаттылығын және креативті ойлауын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары анықталды. Сонымен бірге оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу жолдары қарастырылды. Практикалық маңызы – оқушылардың математикалық және оқу сауаттылығын, жаратылыстану сауаттылығын, шығармашылық ойлауын дамытуға арналған тапсырмаларды пайдалана отырып, оқу процесін жобалау анықталды. Қорытынды: Осы мәселелерді шешуге арналған «Математикалық, ғылыми-жаратылыстану  және оқу сауаттылығы тапсырмаларын құрастыру механизмі» мұғалімдерге арналған мектепішілік курсын математика мамандығындағы білімгерлерге бейімдеп оқыту мүмкіндігі қарастырылды. Эксперимент нәтижелері негізінде дәлелденді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ахмедиева, Г., Сеитова, С. і Егембердиева, С. 2022. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БІР ЖОЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 80, 4 (Груд 2022), 71–79. DOI:https://doi.org/10.51889/3010.2022.32.79.008.