Бұл мақалада сипатталған зерттеудің мақсаты – оқу үдерісін және білімді бақылауға арналған программалық жабдықты құру мәселесін зерттеу. Мақалада программалық жабдықты құруда қолданылатын әдістер, қолданылатын ортаны таңдау принципі және құру сатылары қарастырылған. Таңдап алынған орта - Android жүйесіне бағытталған әзірлеу ортасы Android Studio IDE. Android Studio ресми Google бағдарламалау ортасы болғандықтан, соңғы жаңартулармен қамтылған болып келеді. JetBrains-тің IntelliJ идеясына негізделген, ол ортаның интерфейсімен жұмыс жасау барысы ыңғайлы әрі жеңіл. Зерттеудің негізгі әдістері- мобилді қосымшаны жобалау әдісі, программалау технологиясы, интегралды ортада программалау әдістері.
Зерттеу нәтижесінде білім берудегі сандық ресурстар зерделенді, білім беру саласына қажет жабдық түрлері анықталды, білімдік ресурстарды әзірлеуге арналған программаларға талдау жүргізілді, оқушылардың рейтингін анықтау мақсатына арналған «SCOORANG» мобильді қосымшасы дайындалды.