Мақалада информатика мұғалімдерін даярлауда коучинг технологиясын қолдану мүмкіндіктері қарастырылып, коучингтің негізгі құралдары, сондай-ақ коучингтің инновациялық білім беру технологиясы ретіндегі перспективалары сипатталады. Коуч-жаттықтырушы болашақ информатика мұғалімінің алға қойған мақсатына, қажетті нәтижеге жетуіне не кедергі болатынын анықтауға, белгілі бір жағдайда өзекті коучинг құралдарын пайдалана отырып, табысқа жету қадамдарын анықтауға көмектеседі. Мақалада қазақстандық білім беруде коучингті пайдалану тәжірибесі талданады. Зерттеу барысында педагогикалық практика нәтижелері бойынша студенттерге сауалнама жүргізілді. Сауалнамаларды талдау барысында студенттер, яғни болашақ информатика мұғалімдері өз қабілеттеріне сенімді емес және кәсіби қызметті жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтарға тап болатынын көрсетті. Коучинг технологиясын қолдана отырып, болашақ информатика мұғалімдерін даярлауға ұсынылған тәсіл студенттердің өзіне деген сенімділігін, мақсаттар қою және оларға қол жеткізуді жоспарлау қабілетін, сабақта оқушыларды басқару дағдыларын дамытуды, коммуникативтік дағдыларды жетілдіруді қамтамасыз етеді. Мұның бәрі болашақ информатика мұғалімдеріне табысты және кәсіби қызметіне сенімді болуға көмектеседі.
КОУЧИНГ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Жарияланған March 2023
156
208
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ошанова, Н., Нұрбекова, Ғ. і Сәлғожа, И. 2023. КОУЧИНГ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 81, 1 (Бер 2023), 246–256. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.81.1.028.