Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары (ЖҚЗ) біздің ғаламшарымызды зерттеу және үздіксіз бақылау үшін таптырмайтын құрал болып табылады, оның ресурстарын тиімді пайдалануға және басқаруға көмектеседі. Қашықтықтан зондтау технологиясының заманауи дамуы біздің өміріміздің барлық салаларын қамтитын оларды қолдану аясын кеңейтеді. Бұл мақалада ғарыштан ЖҚЗ технологиясы қалыптасуының негізгі кезеңдері баяндалған, қоршаған ортанының элементтерін байқау әдістеріне шолу көрсетілген, сонымен қатар ЖҚЗ цифрлік деректердің жалпы құрылымы, түрлері мен форматтары қарастырылды. Аэроғарыштық деректердің негізгі сипаттамалары анықталған, координаталық деректерді сақтау әдістері және деректерді сақтау форматтары қарастырылған. Географиялық деректерді ұсынудың негізгі әдістері ұсынылған, ал қашықтан қашықтықтан зондтау мәліметтерін ұсынудың әр түрінің маңызды қасиеттері сипатталған. Географиялық деректерді ұсыну түрлерінің интеграциясына талдау жасалды және қашықтықтан зондтау мәліметтерін интеграцияланған түрінің негізгі артықшылықтары анықталды.
ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ ЦИФРЛІК ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ МЕН ФОРМАТТАРЫ
Жарияланған June 2020
121
139
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шаймерденов, Д. і Закирова, .А. 2020. ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ ЦИФРЛІК ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ МЕН ФОРМАТТАРЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 295–300. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.47.