Биыл ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фәрәбидің 1150 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілуде. Осы орайда, Әбу
Насыр әл-Фәрәбидің ойшыл-математик, жарытылыстанушы, педагог екендігінің шынайы бейнесін қалпына
келтіруші, мұсылман шығысы ғылым тарихы мен педагогикасы бойынша көрнекі ғалым, профессор Ауданбек
Көбесовтің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Оның ғалым ретіндегі ғылымға қосқан ерекше үлесі, негізінен, ұлы
ғалым Әбу Насыр әл-Фәрәбидің ғылыми еңбектерін зерттеуімен тікелей байланысты. А. Көбесов Әл-Фәрәбидің
бай ғылыми мұраларына зерттеу жүргізіп, ұлы ғұлама ғалымның екі жүзден астам ғылыми, ғылыми-танымал
және басқа да еңбектерін, араб тілінен аудармаларын жариялаған. Әл-Фәрәби бабамыздың бай мұрасын жас
ұрпақты оқыту және тәрбиелеу үшін қолдану, оларды насихаттау бүгінгі біздің парызымыз.
ФӘРӘБИ - ОЙШЫЛ-МАТЕМАТИК, ЖАРАТЫЛЫСТАНУШЫ, ПЕДАГОГ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕ
Жарияланған September 2020
102
156
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Балықбаев, Т. і Бидайбеков, Е. 2020. ФӘРӘБИ - ОЙШЫЛ-МАТЕМАТИК, ЖАРАТЫЛЫСТАНУШЫ, ПЕДАГОГ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Вер 2020), 16–23. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7901.02.