Мақалада оңтайландыру есептерінде эвристикалық алгоритмдерді қолдану мәселелері қарастырылады.
Метаэвристиканың негізгі қасиеттері және осы метаэвристиканың кластарын құрайтын стохастикалық
оңтайландырудың қолданыстағы алгоритмдері сипатталған. Эволюциялық алгоритмедерге жалпы сипаттама
берілген. Атап айтқанда генетикалық алгоритмдердің негізгі қадамдары мен қасиеттері келтірілген.
Ұсынылып отырған мақаланың негізгі мақсаты метаэвристиканың генетикалық алгоритмін пайдалана
отырып, көлік құралдарын бағыттау мәселесін шешу болып табылады. Көлік құралдарын бағыттау мәселесі NPтолық классына жататын күрделі комбинаторлық оңтайландыру есебі болып табылады. Метаэвристикалық
әдістерді қолдану шешімнің бүкіл кеңістігін зерттемей-ақ субоптималды шешімдерді алуға мүмкіндік беретіні
келтірілді. Генетикалық алгоритм эволюциялық алгоритмдер тобына жатады. Генетикалық алгоритмге тән ген,
хромосома, жеке тұлға(ұрпақ), популяция, ұрпақ және оның операторлары, будандастыру мен мутация және
кроссовер ұғымдарына қысқаша түсініктеме берілді. Генетикалық алгоритмде ақырлы автоматтар теориясының
қолданылуы жайлы сипатталды. Генетикалық алгоритм көмегімен есептерді шешуде қолданылатын
терминология, есептің қойылымына генетикалық алгоритмнің схемасы келтірілді.
ЭВРИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТАЭВРЕСТИКАЛЫҚ АЛГОРИТМДЕРГЕ ШОЛУ
Жарияланған September 2020
123
184
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нұрсерік, Д., Гусманова, Ф., Абдулкаримова, Г. і Дальбекова, Қ. 2020. ЭВРИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТАЭВРЕСТИКАЛЫҚ АЛГОРИТМДЕРГЕ ШОЛУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Вер 2020), 242–247. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7901.37.