Зерттеу барысында мобильді оқыту қосымшасы жасалынды. Мобильді қосымшаны пайдалану қолданушылардың білімін жақсартудың негізгі құралы болып табылады. Қосымша пайдаланушыларға бос уақытында оқытушысыз білім алуға көмектеседі. Қосымшаны әзірлеу кезінде Xcode интеграцияланған программалау ортасы қолданылды. Қосымша викторина, оқу, грамматика, етістік және ақыр соңында сөйлеуге мәтін сияқты көптеген мүмкіндіктерді қамтиды. Қосымша қазақ тілін меңгергісі келетін пайдаланушыларға үлкен көмек береді. Қазақ тілі жоғары қарқынмен дамуда. Сол себепті қазақ тілін меңгерушілердің қарқыны күннен-күнге артуда. Қазіргі уақытта қашықтықтан оқытуға байланысты мобильдік қосымшаларды қолдану тиімді. Қосымша кез-келген уақытта, кез-келген жерде қазақ тілін үйренуге көмектеседі. Қазақ тілінің грамматикасы өзге тілдермен салыстырғанда күрделі. Осыны еске отыра, қосымшаның әрбір бөлімінде 1-2 грамматиканың ережелері сипатталған. Қолданушының сөйлемдерді құрастыру мүмкіндігін жылдамдату үшін, әрбір бөлім соңында сөздіктер жинағы берілген. Яғни, барлық бөлімді аяқтаған қолданушы, қазақ тілін жоғары деңгейде меңгеріп шығады.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША ҚҰРУ
Жарияланған December 2020
249
349
Аңдатпа
Кілтті сөздер
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қожахмет, С., Макашев, Е., Дальбекова, .Қ. і Искакова2, А. 2020. ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША ҚҰРУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 208–213. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.32.