Бұл мақалада параметрден тәуелді теңдеулер мен олардың жүйелерінің жалғыз шешімінің бар болуының қажетті және жеткілікті шарттары зерттеліп, жан-жақты қарастырылды. Параметрлерден тәуелді есептердің шешімдерін табу элементарлық математиканың ең күрделі салаларының бірі деуге болады. Оларды шешу үшін арнаулы логикалық ойлауды қажет ететін амалдарды іздеп табу керек, олар қандай да бір қосымша шарттарды қанағаттандыруы тиіс, мысалы үшін, жалғыз шешімін анықтау, белгісіздердің барлық мүмкін мәндері жиынындағы шешімі, бір жүйенің барлық шешімдері екіншінің де шешімдері болатын жағдайлар және т.б. Мұндай жағдайлардың бірі - инварианттық қасиеттерді қолдану. Мақалада осы инварианттық қасиеттерді қолдану арқылы бір параметрден тәуелді теңдеулер мен олардың жүйелерін шешудің әдіс-тәсілдері мысалдар арқылы жан-жақты қарастырылған. Түрлендірудің инварианттық қасиетінің бар болуынан ізделінді шешімнің оңай табылатындығын көруге болады.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Апышев, О. , Нурканова, .Р. і Аменова, .Ф. 2020. ПАРАМЕТРЛІК ЕСЕПТЕРГЕ ИНВАРИАНТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚОЛДАНУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 47–52. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.06 .