Зерттеу атмосфералық ауаның ылғалды термометр бойынша температурасын есептеуге арналған мобильді қосымшасын жасауға бағытталған. Жақсартылған мобильді қосымшаны пайдалану қолданушылардың атмосфералық ауаның ылғалды термометр бойынша температурасын есептеудің негізгі құралы болып табылады. Мобильді қосымша пайдаланушыларға кез келген уақытта және кез келген жерде нәтиже алуға көмектеседі. Мобильді қосымша атмосфералық ауаның ылғалды термометр бойынша температурасын есептегісі келетін пайдаланушыларға қолайлы жасалған. Мобильді қосымшаны әзірлеу кезінде Xcode платформасы қолданылды. Мобильді қосымша негізгі үш тілде жасалды. Қазақ тілді, орыс тілді және ағылшын тілді пайдалаушылар қолданса болады. Мобильді қосымша қолданушыларға түсінікті болу үшін түсіндірмелер, есептеулер, сол мезетте есептеу мүмкіндігі және тілді өзгерту мүмкіндігі сияқты көптеген мүмкіндіктерді қамтиды. Мобильді қосымша атмосфералық ауаның ылғалды термометр бойынша температурасын есептеуге дәл және жылдам анықтауға үлкен көмек береді. Мобильді қосымша сізге кез келген уақытта, кез келген жерде ауаның ылғалды термометр бойынша температурасын есептеуге көмектеседі. Мобильді қосымша есептеудің нәтижесін оңтайландырады.
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЫЛҒАЛДЫ ТЕРМОМЕТР БОЙЫНША ТЕМПЕРАТУРАСЫН ЕСЕПТЕЙТІН МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША ҚҰРУ
Жарияланған December 2020
82
110
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нысан, С. , Макашев, Е., Дарибаев, Б. і Беркимбаева, С. 2020. АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЫЛҒАЛДЫ ТЕРМОМЕТР БОЙЫНША ТЕМПЕРАТУРАСЫН ЕСЕПТЕЙТІН МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША ҚҰРУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 231–236. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.36.