Жұмыс теориялық және ядролық астрофизиканың жаңа бағытын нейтрондық жұлдыздың қабаттарында аса үлкен қысым арқасында пайда болатын реакцияларды зерттеу арқылы дамытуға арналған. Нейтрондық жұлдыздарға деген қызығушылық оның құрылымының жұмбақтылығымен байланысты. Сонымен қоса үлкен тығыздығы мен өте күшті магниттік және гравитациялық өрісі де бар. Әлсіз әсерлесуге қатысатын бөлшектер тобы, лептондардың барлық физикалық қасиеттері қарастырылған. Лептондық әмбебаптық қасиеттерінің болжамдары талқыланған. Мюонның ыдырауы стандарттық модель аясында зерттелінген. Мюондардың аса тығыз материяда пайда болу жолдары қарастырылған. Мюон Жер бетінде өте тұрақсыз. Оның өмір сүру уақыты бірнеше микросекунды құрайды. Алайда, өте тығыз, нейтрондық жұлдыз құрамында ол тұрақты. Мюондардың аса тығыз жұлдыздар құрамында пайда болуы, яғни электронның мюонға айналуы энергетикалық тиімді. Және де кейбір ядролық реакцияларға қатыса алады
«АУЫР ЭЛЕКТРОНДАРДЫҢ» ЛЕПТОНДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕЙТРОНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРДА ПАЙДА БОЛУ ЖОЛДАРЫ
Жарияланған June 2021
94
45
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ақжігітова, Э. , Курмангалиева, .В. , Дүйсенбай, .А. і Калжигитов, .Н. 2021. «АУЫР ЭЛЕКТРОНДАРДЫҢ» ЛЕПТОНДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕЙТРОНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРДА ПАЙДА БОЛУ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 179184.