Бұл мақала хакерлік интернет форумдар контекстінде сентимент талдау әдістеріне шолу мен зерттеуді ұсынады. Хакерлік форумдар компьютерлік қауіпсіздік туралы ақпарат пен тәжірибе алмасуға арналған алаң болып табылады және мұндай форумдардағы хабарламалардың эмоционалды бояуын талдау хакерлік қауымдастықтар мен олардың қызметін зерттеу үшін пайдалы түсініктер бере алады. Мақалада әртүрлі әдістер мен тәсілдер қарастырылады. Қарастырылған әдістерге сентимент сөздігі арқылы, машиналық оқыту, эмоцияларды талдау, сондай-ақ осы тәсілдерді біріктіретін гибридті модельдер жатады. Әр әдістің принциптері мен әдістемелері, сондай-ақ олардың артықшылықтары мен шектеулері егжей-тегжейлі сипатталған. Мақалада хакерлік форумдарға сентимент талдауын қолдану кезінде алынған нәтижелер мен қорытындылар талқыланады. Зерттеу нәтижелері хакерлер қауымдастығындағы эмоционалды компонентті жақсырақ түсінуге, трендтер мен көңіл-күйлерді анықтауға және ықтимал қауіпті әрекеттерді немесе тенденцияларды анықтауға мүмкіндік береді. Мақаланың қорытындысында жалпы қорытындылар шығарылып, хакерлік интернет форумдарды талдау саласындағы одан әрі зерттеулердің ықтимал бағыттары көрсетіледі. Сондай-ақ қауіпсіздікті арттыру және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мақсатында талдау нәтижелерін пайдалану бойынша ұсыныстар беріледі.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мамбетов, С., Бегимбаева, Е., Хикметов, А., Джолдасбаев, С. і Казбекова, Г. 2023. ХАКЕРЛІК ИНТЕРНЕТ-ФОРУМДАРДЫ СЕНТИМЕНТ-ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 162–172. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.016.