Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗДЕРІ БОЙЫНША ДАЯРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ

Жарияланған December 2020

341

622

Г.И. Салгараева+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
У.Б. Жұмабаева+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Аңдатпа

Мақалада болашақ информатика мұғалімдерін жасанды интеллект негіздері бойынша даярлаудың әдістемелік жүйесі қарастырылған. Қазіргі уақытта жасанды интеллект білімді ұсынудан бастап, сараптамалық жүйелерді, зияткерлік ойындар мен робототехника құралдарын дамытуға дейін әр түрлі салаларда қолданылуда. Осыдан кейін педагогикалық оқу орындарында болашақ информатика мұғалімдерін жасанды интеллект элементтері негізі бойынша даярлаудың әдістемелік жүйесін жасау мәселесі орын алады. Аталған мәселені проблемалық оқыту әдісін қолданып, сыни ойлау технологиясы тұрғысынан теорияны практикамен ұштастыра отырып шешу ұсынылады. Оқыту құралдары ретінде заманауи аналитикалық платформалар, интеллектуалды үйретуші жүйелер, сараптамалық жүйелер қолданылады. Жасанды интеллект негіздерінің оқу мазмұны жүйелік, іргелі және пәнаралық тәсілдер негізінде құрылады. Бұл болашақ информатика мұғалімдерін жасанды интеллект негіздеріне оқытудың мақсаттарын анықтауға, жасанды интеллект саласындағы ұғымдарды қалыптастыруға қойылатын талаптарды ашуға, информатика курсында жасанды интеллект элементтерін оқытуға мүмкіндік беретін негізгі білім жүйесін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Мақалада болашақ информатика мұғалімдерін жасанды интеллект негіздері бойынша даярлаудың әдістемелік жүйесін білім беру процесіне ендіру нәтижелері сипатталған.

.pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Салгараева, Г. і Жұмабаева, У. 2020. БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗДЕРІ БОЙЫНША ДАЯРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 250–254. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.39.