Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕУ

Жарияланған March 2024

91

70

А.М. Байганова+
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ,, Қазақстан
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ,, Қазақстан
Аңдатпа

Бұл мақалада қарастырылған зерттеудің мақсаты – білім беруде  толықтырылған шындық технологиялары және информатика пәнінен толықтырылған шындық технологиясына негізделген қосымша әзірлеу мәселелерін зерттеу. Мақалада қосымшаны әзірлеуге қолданған әдістер, программмалау ортасын таңдау үрдісі және құру кезеңдері сипаталған.Таңдап алынған орта- Unity, Vuforia ортаслары. Vuforia - арнайы Unity ойын механизмін пайдаланып кросс-платформалық қосымшаларды жасауға мүмкіндік беретін тегін және үнемі жаңартылатын кітапхана.  SDK iOS және Android тілдеріне де қолдау  және бір уақытта екі платформаға да оңай тасымалданатын Unity жүйесінде толықтырылған шындық қосымшаларын жасауға мүмкіндік береді. Қолдану арқылы әзірленген қолданбалар iPhone, iPad, Android және Android ОЖ жұмыс істейтін телефондар мен планшеттерді қоса алғанда, мобильді құрылғылардың кең ауқымымен үйлесімді.  Зерттеу әдістері - интегралды ортада программалау әдістері, программалау технологиясы, мобилді қосымшаны жобалау әдістері.

Зерттеу нәтижесінде білім берудегі толықтырылған шындық технологиялары зерттелді, қосымшаны әзірлеуге арналған программалау орталарына талдау жасалды және мектеп информатика пәніне AR технологиясына негізделген қосымша әзірленді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Байганова, А. 2024. ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Бер 2024), 219–227. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.85.1.021.