Бұл мақалада информатика сабақтарында бірлескен оқыту технологиясын қолданудың маңыздылығы мен оның білім сапасын арттыруға әсері қарастырылады. Бірлесіп оқыту – бұл оқушылар топта жұмыс істейтін, бір-бірімен мәселелерді бірлесіп шешу әдісі. Мақалада бұл технологияның тиімді жақтары мен артықшылықтары айтылады, мысалы, оқушылардың ынтасын арттыру, коммуникативті дағдыларды жетілдіру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және т.б. Бірлесіп оқытудың ғылыми анықтамалары мен шетел ғалымдарының көзқарастары, сонымен қатар осы оқыту түрін пайдаланудағы негізгі принциптер ашып көрсетіледі. Қоғамда «бірлесіп оқыту» және «бірлескен оқыту» деп аталатын егіз ұғым бар. Осы екі ұғымның айырмашылықтары айшықталып, бірлесіп оқытудың негізгі формалары талданады. Сондай-ақ информатика сабақтарында ынтымақтастықты ұйымдастыруға болатын әртүрлі әдістер мен құралдар қарастырылады. Олар Wordwall.net, Flippity.net, LearningApps.org платформалары. Осы аталған платформаларға салыстырмалы талдау жасалып, тиімді онлайн платформа анықталды. Анықталған онлайн платформада мысал қарастырылып, қолданылу аясы көрсетіледі. Бірлесіп оқыту әрбір оқушының екі жақты күшті және әлсіз жақтарын құрметтейді, оларға команданың бір бөлігі және жеке тұлға ретінде өсуге мүмкіндік береді деген қорытынды жасалады.
ИНФОРМАТИКАДА БІРЛЕСІП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жарияланған March 2024
107
53
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Керімбаев, Н. і Сәкенова, Ә. 2024. ИНФОРМАТИКАДА БІРЛЕСІП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Бер 2024), 248–259. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.85.1.024.