Мақалада мұнай қалдықтарының құрамындағы зиянды заттардан қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешу нұсқаларының бірі ұсынылған. Мұнай шламын өңдеу зерттелді. Мұнай шламын өңдеу әдістері мен технологияларына талдау жүргізіліп, модельдеу үшін термиялық әдіс қарастырылды. Біз құрастырған математикалық модель қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін барынша азайту үшін мұнай шламын сақтайтын резервуардан зиянды заттардың булануы кезіндегі жылу және масса алмасу процестерін сипаттайды. Есептің сандық шешімі орындалды. Есептеулер әртүрлі температура мен жылдамдықта басқа авторлардың тәжірибелік деректерімен салыстыру үшін жүргізілді. Кең көлемді есептеу эксперименті жүргізілді, оның талдауы нәтижесінде алынған нәтижелер мұнай шламын термиялық өңдеу кезінде зиянды заттардың жылу және масса алмасу және булану заңдылықтарын дұрыс сипаттайтынын көрсетті. Python құралдарын пайдалана отырып, визуализациясы және деректер интеграциясы бар бағдарламалық пакет әзірленді. Мұнай шламын тазарту мүмкіндігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мақсатында зерттеулер жүргізілді.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН АЗАЙТУ ҮШІН МҰНАЙ ШЛАМЫН ӨҢДЕУДІ МОДЕЛЬДЕУ
Жарияланған December 2023
93
60
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Балакаева, Г., Калменова, Г. і Даркенбаев, Д. 2023. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН АЗАЙТУ ҮШІН МҰНАЙ ШЛАМЫН ӨҢДЕУДІ МОДЕЛЬДЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 55–64. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.006.