Негізгі мақсат - жүйенің формальды және сызықты емес модельдерін құру мақсатында жүйелерді жобалау және талдау кезеңдерін барынша автоматтандыру. Көптеген заманауи CASE құралдары ақпараттық жүйелерді талдау мен жобалаудың құрылымдық және объектіге бағытталған әдіснамасын қолдайды. Бағдарламалық жабдықтар қолданушының нақты тапсырмасын шешуге және ақпараттық жүйенің есептеу үрдісін ұйымдастыруға арналған. Қолданбалы бағдарламалар пакеті қолданушы шешетін тапсырмаларды автоматтандырудың қуатты құралы болып табылады. Ол қолданушыны ақпаратты өңдеу функциялары мен процедураларының компьютерде қалай орындалатындығы туралы білу қажеттілігінен толықтай босатады. CASE-технологиялар әдетте жобаның ұжымдасып іске асырылуын талап ететін күрделі ақпараттық жүйелерді құру кезінде қолданылады. CASE-технологиясының сөзсіз артықшылығы – құжаттар әрқашан жұмыстың ағымдағы күйіне жауап береді. Себебі жобадағы кез-келген өзгеріс мәліметтер қорында автоматты түрде көрсетіледі.
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ
Жарияланған December 2020
159
228
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Турсынбаев, А. , Балганова, М. , Ходжаниязова, Г. і Шаухан, С. 2020. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 263–269. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.41.