Мақалада дененің бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын дене координаталарының өспелі немесе кемімелі арифметикалық прогрессиясы деп, ал осы қозғалыстың бірқалыпсыз (үдемелі) сипатқа ауысуы прогрессияның бұзылуы (ауытқуы) деп қарастырылған. Координаталардың уақыт бойынша өзгерістері бірқалыпты сипаттан ауытқыған кезде прогрессия жылдамдығы мен дененің секунд сайынға орын ауыстырулары өспелі немесе кемімелі прогрессияға түсетіні көрсетілген. Дене координаталарының сызықтық заңдылықпен өзгеру шарттарына арналған Ньютонның бірінші заңы мен координаталардың параболалық заңдылықпен өзгеруін қарастыратын Ньютонның екінші заңының математикалық тұтастығы айқындалған. Механикалық шамалардың (координатаның, жылдамдықтың, орын ауыстырулардың) уақыт бойынша өзгерістерін (қозғалыс теңдеулерін) сызықтық және сызықтық емес функциялар ретінде қарау, осы шамаларды графикалық және физикалық тұрғыда бағалау арқылы бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстардың математикалық (теориялық) негіздемесі берілген.
ДЕНЕНІҢ БІРҚАЛЫПТЫ ЖӘНЕ БІРҚАЛЫПСЫЗ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
Жарияланған March 2024
99
94
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қоштыбаев, Т. , Алиева, М., Камал, Б. і Құткелдиева, Э. 2024. ДЕНЕНІҢ БІРҚАЛЫПТЫ ЖӘНЕ БІРҚАЛЫПСЫЗ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Бер 2024), 80–92. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.85.1.008.