Су деңгейі мен көлемін бақылау су ағынының ықтимал өзгерістерін, су көлемінің жоғарылауын немесе төмендеуін анықтауға көмектеседі, сонымен қатар осындай мониторинг ағын жолының өзгеруін немесе жер бетіндегі су тасқыны туралы ескерту деректерін беруі мүмкін. Зерттеу жұмыстарында Алакөл көлінің су деңгейі мен көлемі туралы ақпараттар Жерді қашықтықтан зондтау әдісінің альтиметриялы және оптикалық деректері қолданылды. Судың ауданы Sentinel-2 деректер сериясын қолдана отырып, қалыпқа келтірілген айырмашылық су индексі әдісімен есептелінді. Ал, Hydroweb деректер қоры спутникті альтиметрия арқылы жиналған су деңгейінің мәнін қолдана отырып, полиномиалды регрессия моделі арқылы су көлемін анықтау үшін қолданылды. Сонымен қатар, біз бұл регрессиялық модельді Sentinel-2 деректерін пайдаланып есептелген су аймағын су деңгейіне ауыстыру үшін қолданылды. Соңында, су көлемінің өзгеруі Герон формуласымен есептеледі. Алынған нәтижелерді талдау су деңгейі мен су көлемінің өзгеруінің маусымдық корреляциясы көрсетілді. Hydroweb деректерімен есептелген интерполяцияланған су деңгейі 0,78 корреляция коэффициенті бар Sentinel-2 су деңгейімен жақсы сәйкестікті көрсетті.
ПОЛИНОМИЯЛЫҚ РЕГРЕССИЯ АРҚЫЛЫ АЛАКӨЛ КӨЛІНДЕГІ СУ КӨЛЕМІНІҢ ӨЗГЕРІСІН МОДЕЛЬДЕУ
Жарияланған December 2023
195
102
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нурбекулы, Д., Бейсембекова, М., Маемерова, Г. і Ракишева, З. 2023. ПОЛИНОМИЯЛЫҚ РЕГРЕССИЯ АРҚЫЛЫ АЛАКӨЛ КӨЛІНДЕГІ СУ КӨЛЕМІНІҢ ӨЗГЕРІСІН МОДЕЛЬДЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 101–108. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.010.