Мақалада болашақ информатика мұғалімдерін дайындауда геймификация элементтерін қолданудың қазіргі жағдайы қарастырылады. Зерттеу жұмысында геймификация тақырыбы бойынша психологиялық және педагогикалық еңбектердегі зерттеулерге талдау жасалды, сондай-ақ оқу процесіне әсер ететін мотивациялық аспектілерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, геймификацияның білім алушылардың оқу үлгеріміне қалай әсер ететіні ғалымдардың еңбектеріне, зерттеулеріне сүйене отырып, геймификацияның артықшылықтары мен кемшіліктері талданды. Білім беруде геймификация элементтерін қолдану деңгейін анықтау мақсатында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында «Информатика» және «Математика-Информатика» білім беру бағдарламаларының оқытушылары арасында сауалнама жүргізіліп, геймификация элементтерін оқыту процесінде қолдануға кедергі болатын факторлар анықталды. Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша университетте информатика мұғалімдерін даярлауда геймификация элементтерін қолдану бойынша біліктілікті арттыру курстарына арналған программа құру қажеттілігі негізделіп ұсынылды.
БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚЫТУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Жарияланған March 2024
136
108
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Алдабергенова, А., Есейқызы, Ұ., Кыдырбаева, Г. і Есейқызы, А. 2024. БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚЫТУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Бер 2024), 189–197. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.85.1.018.