Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

КИНЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРДЫҢ ПРОГРЕССИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Жарияланған December 2023

109

92

Б. Камал+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Т. Коштыбаев+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Т. Диқамбай+

Аңдатпа

Мақалада дененің механикалық қозғалыстарының кинематикалық және динамикалық теорияларының құрылымдық мазмұны арифметикалық прогрессия немесе сызықтық функция заңдылығы бойынша бірқалыпты өзгеретін механикалық шамалардың осы өзгерістерді іске асыратын шамалармен байланыстарына негізделетіні жүйеленіп көрсетілген. Бұл байланыстар прогрессия формуласы мен өзгеруші шамалардың уақытқа тәуелділік графиктері арқылы іске асырылады және сызықтық тәуелділіктің көлбеулік бұрышы арқылы бағаланады. Кинематикалық теорияда дене координаталарының бірқалыпты өзгеру заңдылығы және оның бұзылу жағдайлары сызықтық және параболалық заңдылықтар арқылы сипатталса, динамикалық теорияда координаталардың өзгеру жылдамдығының, орын ауыстырулардың, импульстің, кинетикалық энергияның және сыртқы әсерлердің атқаратын жұмыстарының бірқалыпты өзгерістері арифметикалық прогрессия заңдылықтары тұрғысынан қарастырылған. Дененің сыртқы әсерлерден алатын үдеуі, сыртқы әсерлер, әсердің қуаты, әсерлердің орташа қуаты секілді механикалық шамалар прогрессия жылдамдығының қызметін атқаратыны көрсетілген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Камал, Б., Коштыбаев, Т. і Диқамбай, Т. 2023. КИНЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРДЫҢ ПРОГРЕССИЯЛЫҚ НЕГІЗІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 80–92. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.008.