Мақалада қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген заманауи технологиялардың бірі виртуалды және толықтырылған шындық технологияларына талдау жасалады. Виртуалды және толықтырылған шындық технологиялары соңғы кездерде медицинада, архитектурада, өндірістік салаларда, сонымен қатар білім беру жүйесінде пайдаланылып жүр. Бұл мақалада осы технологиялардың білім беру саласында қолданылуына тоқталатын боламыз. Оқу процессінде жаңа технологияларды пайдалану білімгерлердің сабаққа деген қызығушылығын арттыратындығы белгілі. Білім беруде цифрлық технологияларды пайдалану ақпараттық қоғамның ең басты жетістігі болып табылады. Дегенмен VR және AR технологияларын пайдаланып білім беруге арналған цифрлық жүйе құру қомақты қаражатты талап етеді. Мақала басында технологияларға қысқаша шолу жасалады, негізгі анықтамалар беріледі, тарихы сипатталады. Осы бағытта зерттеулер жасап жүрген ғалымдардың еңбектеріне шолу жүргізілді.
ҚАЗІРГІ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕ ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Жарияланған December 2020
370
579
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шындалиев, Н. і Калкабаева, З. 2020. ҚАЗІРГІ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕ ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 289–293. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.45.