Компьютерлік технологияның қарқынды дамуымен есептеу гидродинамикасы (CFD) аэродинамикалық өнімділікті талдауда, күрделі ағын механизмін тиімді жобалауда және зерттеуде маңызды рөл атқарады. Кавернадағы сығылмайтын тұтқыр ағымның есебі қарастырылады. Осы есеп CFD шешушілерін бағалау үшін кеңінен қолданылды, өйткені Рейнольдс санына, тор өлшеміне және қажетті уақыт қадамдарына байланысты мәселені шешу егжей-тегжейлі белгілі болғандықтан, мәселені шешу айтарлықтай есептеу ресурстарын қажет етеді. Осы есептің негізінде Re саны 100, 400 болғандағы және әртүрлі торлар өлшемдерін қолдана отырып, GPU-де оңтайлы нәтижесі алынды. Орталық процессорлар мен графикалық процессорлар өнімділіктерінің салыстырмалы талдауы жасалып, графикалық процессорда бағдарламаның орындалу уақыты айтарлықтай артқанын көрсетті. Есептеу уақытын салыстыру GPU технологиясының қарқынды сандық есептеулерді қажет ететін инженерлік мәселелерді шешудегі артықшылығын көрсіп тұр.
КАВЕРНАДАҒЫ ЦИРКУЛЯЦИЯЛЫҚ СЫҒЫЛМАЙТЫН ТҰТҚЫР АҒЫНДАРДЫ ШЕШУ ҮШІН ЖОҒАРЫ ӨНІМДІ ЕСЕПТЕУ
Жарияланған March 2024
115
67
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сакыпбекова, М., Гусманова, Ф., Адилжанова, С., Тойганбаева, Н. і Черикбаева, Л. 2024. КАВЕРНАДАҒЫ ЦИРКУЛЯЦИЯЛЫҚ СЫҒЫЛМАЙТЫН ТҰТҚЫР АҒЫНДАРДЫ ШЕШУ ҮШІН ЖОҒАРЫ ӨНІМДІ ЕСЕПТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Бер 2024), 41–50. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.85.1.004.