Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

DATA MINING ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНЫПДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ӘЗІРЛЕУ

Жарияланған March 2024

99

74

Г.Т. Балакаева+
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0001-9440-2171
Д.К. Даркенбаев+
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0002-6491-8043
Д.С. Кулачар+
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г.Т. Балакаева

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.д.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Д.К. Даркенбаев

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының доцент м.а., PhD

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Д.С. Кулачар

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Ақпараттық технологиялар факультетінің Компьтерлік инженерия мамандығының 2 курс магистранты.

Аңдатпа

Мақалада DataMining технологиясын қолдана отырып, деректерді өңдеудің ақпараттық жүйесін жобалау және әзірлеу ұсынылған. Деректерді өңдеуде DataMining әдістері: логистикалық регрессия, кездейсоқ орман, шешім ағаштары, тірек векторлары әдісі, жасанды нейронды желі қолданылды және нәтижелері салыстырыла талданып кестеге салынып көрсетілді. Әзірленген ақпараттық жүйе құрылымданған, құрылымданбаған және жартылай құрылымданған емделуші азаматтардың деректерін өңдеу арқылы медицина қызметкерлеріне емделуші азаматтардың денсаулығына қатысты нақты болжам жасауға мүмкіндік береді. Машиналық оқыту алгоритмдерін пайдаланылып жобаланған ақпараттық жүйе, бірнеше жекелеген деректерді негізге алып өңдеу жұмыстарын жүргізеді.Дерекқордан алдыңғы деректерді алып, оларды талдайды, әрі қарай өңдейді ал жақсы нәтиже көрсеткен алгоритм нәтижесін салыстырып, жақсы нәтиже көрсеткен алгоритм таңдалады. Деректерді өңдеуге арналған ақпараттық жүйе қолданушыларға нақты уақыт режимінде болжам нәтижелерін алуға мүмкіндік береді. Авторлар құрылған ақпараттық жүйені өндіріске енгізуді және әрі қарай зерттеу жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр. Деректерді өңдеуге арналған ақпараттық жүйені білім саласында білім алушылардың білім деңгейлеріне болжамдар жасауда қолдануға болады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Балакаева, Г., Даркенбаев, Д. і Кулачар, Д. 2024. DATA MINING ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНЫПДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ӘЗІРЛЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Бер 2024), 114–122. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.85.1.011.