Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

НЕЙТРОНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ МОДЕЛЬДЕРІ ТУРАЛЫ

Жарияланған March 2024

102

66

Д. Насирова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
https://orcid.org/0000-0002-3349-0128
А. Газизова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Аңдатпа

Бұл шолу мақалада ең өзекті және жұмбақ ғарыш денелерінің бірі және бірегейі – нейтрондық жұлдыздар туралы, олардың ерекшеліктері, сондай-ақ олардың бірегей қасиеттерін ғарыш кеңістігін зерттеу үшін пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада бірнеше авторлардың қатысуымен жүргізілген нейтрондық жұлдызды модельдеу саласындағы зерттеулерге қысқаша шолу жасалды, яғни, нейтрондық жұлдыздардың заманауи модельдері ұсынылып, олардың бақылау көріністері, ядроларының құрылымы, магнит өрістері мен тығыздығы туралы қысқаша қарастырылады. Ұсынылған жұмыстар нейтрондық жұлдыздардың табиғатын түсінуге, сонымен қатар олардың жылдамдығын, тығыздығы мен радиусын анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, нейтрондық жұлдыздың ядросының құрылымы мен  нейтрондық жұлдыздардың түрлері: пульсарлар, рентгендік пульсарлар, миллисекундтық пульсарлар туралы да қысқаша баяндалып, нейтрондық жұлдыздағы нейтрондардың эффективті массасының нейтрондық жұлдыздың әртүрлі массалары үшін олардың радиалды координатасына тәуелділігі де көрсетілген. Бұл мақалада тек қана шет ел зерттеулері ғана емес, сонымен қатар, Отандық ғалымдардың нейтрондық жұлдыздар физикасы саласындағы зерттеулеріне де тоқталып өттік. Сондай-ақ, мақалада нейтрондық жұлдыздағы нейтрондардың эффективті массасының нейтрондық жұлдыздың әртүрлі массалары үшін олардың радиалды координатасына тәуелділік графигі де көрсетілген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Насирова, Д. і Газизова, А. 2024. НЕЙТРОНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ МОДЕЛЬДЕРІ ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Бер 2024), 93–105. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.85.1.009.