Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Жарияланған March 2024

42

51

И.Т. Сәлғожа+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Т. Тойшыбек+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Ш.Н. Шекербаева+
№15 гимназия
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
№15 гимназия
Аңдатпа

Мақала қазіргі заманғы білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық құзырлылығын бағалау тақырыбына арналған. Ақпараттық құзырлылық цифрлық қоғамға сәтті бейімделудің негізгі аспектісі және оқушылардың тұлғалық дамуы үшін өте маңызды.

Зерттеудің мақсаты – информатикадан сыныптан тыс жұмыстар аясында оқушылардың ақпараттық құзырлылық деңгейін анықтау әдістемесін әзірлеу және қолдану, сонымен қатар оның деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау. Зерттеу әдістемесі ағымдағы әдебиеттерді талдауды, түпнұсқалық тесттер мен сауалнамаларды құру және тестілеуді, сондай-ақ жиналған деректерді статистикалық талдауды қамтиды.

Зерттеу нәтижелері оқушылардың ақпараттық құзырлылығын қалыптастырудің әртүрлі аспектілерін, соның ішінде ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларының деңгейін, дереккөздердің сенімділігін бағалауды, деректерді талдау және ақпараттық мәселелерді шешу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу ақпараттық құзірлылықты қалыптастыру мен бағалауда информатика пәні мен сыныптан тыс жұмыстарға интеграциялаудың маңыздылығын көрсетеді. Сондай-ақ ол оқушылардың ақпараттық құзырлылығын нығайтуға бағытталған білім беру стратегияларын одан әрі зерттеу және әзірлеу үшін негіз бола алады.

Зерттеу мақаласы білім беру және ақпараттық құзырлылықты зерттеу саласына және оқушыларды цифрлық дәуірге дайындауға елеулі  үлес қосады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сәлғожа, И., Тойшыбек, Т. і Шекербаева, Ш. 2024. ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Бер 2024), 285–295. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.85.1.027.