Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ИНФОГРАФИКАНЫ ПАЙДАЛАНЫП ОБЪЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

Жарияланған March 2024

196

185

А.А. Бекежанова+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Н. Құрманбекқызы+
Казахской-Российский медицинский университет
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Казахской-Российский медицинский университет
Аңдатпа

Мақалада болашақ информатика мұғалімдерін инфографиканы пайдаланып объектіге-бағытталған программалауға оқыту әдістері және олардың пәндік құзыреттілігін қалыптастыруға әсері қарастырылған. Бұл тәсіл барған сайын танымал бола түсуде, өйткені инфографика ақпаратты көрнекі түрде ұсынудың тиімді құралы болып табылады. Зерттеудің негізгі мақсаттары болашақ информатика мұғалімдерін объектіге-бағытталған программалауға оқыту кезінде инфографиканы пайдаланудың тиімділігін зерттеу болды. Бұл ретте болашақ информатика мұғалімдерінің объектіге-бағытталған программалаудағы пәндік құзыреттілігін дамытуға басты назар аударылды. Мақала авторлары болашақ информатика мұғалімдері студенттер тобында жүргізілген зерттеу нәтижелерін ұсынады. Студенттерге объектіге-бағытталған программалаудың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінудіру үшін инфографика қолданылды. Зерттеу нәтижесінде инфографиканы қолдану студенттердің материалды жақсы меңгеруіне ықпал ететіні және пәндік құзыреттілігін дамытудың тиімді әдісі екені анықталды. Бұл тәсіл объектіге-бағытталған программалаудың негізгі принциптерін жақсырақ түсінуге және қолдануға ықпал етеді және информатиканың оқу бағдарламалары мен оқыту әдістерін әзірлеуде пайдалы болуы мүмкін.

pdf
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Бекежанова, А. і Құрманбекқызы, Н. 2024. БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ИНФОГРАФИКАНЫ ПАЙДАЛАНЫП ОБЪЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Бер 2024), 239–247. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.85.1.023.