Электр энергиясын өндіру жүйелерін қашықтықтан бақылау және басқару жаңартылатын энергия көздері саласындағы маңызды міндет болып табылады. Қашықтықтан тиімді бақылау ақауларды тез анықтауға, диагностика жүргізуге және күрделі мәселелердің алдын алу үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік берумен қатар, уақыт пен ресурстарды үнемдейді. Бұл жұмыста Заттар интернеті (IoT) технологиясына негізделген күн энергиясын бақылау жүйесі ұсынылған. IoT құрылғылары сенсорларға қосылған, бұл жүйенің параметрлерін әлемнің кез келген нүктесінен қол жетімді желі арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Электрондық басқару блоктары жобаланып, жүйенің құрылымы сипатталды және оның жұмыс алгоритмі ұсынылды. Жүргізілген зерттеулер IoT технологиясымен басқарылатын фотоэлектрлік жүйенің графикалық нәтижелерімен келтірілген. Алынған мәліметтер негізінде жүйенің тұрақты және жедел жұмыс жасайтындығы анықталды. Ұсынылған жүйе іске асырудың қарапайымдылығымен ерекшеленеді, бұл оны күн энергетикасы саласында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
ЗАТТАР ИНТЕРНЕТІ (IOT)ТЕХНОЛОГИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН КҮНДІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ
Жарияланған June 2024
61
36
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Құттыбай, Н., Аманжол, А., Кошкарбай, Н.Ж. , Жоламанов, Б. і Сейтжанова, А. 2024. ЗАТТАР ИНТЕРНЕТІ (IOT)ТЕХНОЛОГИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН КҮНДІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Чер 2024), 211–221. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.86.2.020.