Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАНҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ҚҰРУ ӘДІСТЕРІ

Жарияланған March 2024

129

76

Г.И. Салгараева+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0001-9477-6245
А.С. Маханова+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Аңдатпа

Мақалада есту қабілеті зақымданған балаларға арналған мобильді қосымша құру үшін каскад әдісін қолдану мен қосымшаны әзірлеу барысындағы негізгі қадамдардың кезеңдері сипатталған. Біздің қоғамда арнайы білім беруді дамыту процесі жалпы білім беретін ұйымдардан жеке жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде ерекше білім беруді қажет ететін, атап айтқанда есту қабілеті зақымданған білім алушыларды оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді түрлендіруге айтарлықтай әсерін тигізеді. Зерттеу жұмысында есту қабілеті зақымданған балаларды инклюзивті ортада оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, олардың білім сапасын арттыру мақсатында қолданатын инновациялық технологияларға қолдау көрсету және ілгерілету жұмыстары жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде есту қабілеті зақымданған білім алушылардың оқу процесіне толыққанды енуіне мүмкіндік беруге бағытталған үйретуші мобильді қосымша әзірлеу алгоритмі ұсынылды. Сонымен қатар есту қабілеті зақымданған балаларды оқытуда қолданылатын білім мазмұнын анықтаудың, қосымша контентін ұсынудың ыңғайлы шешімдері  ұсынылған.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Салгараева, Г. і Маханова, А. 2024. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАНҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ҚҰРУ ӘДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Бер 2024), 276–284. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.85.1.026.