Бұл жұмыста криптографиялық шифрлау алгоритмдерін құру үщін пайдалануға болатын псевдо(жалған)кездейсоқ импульстер тізбегінің сандық генераторының сұлбасын жаңарту туралы мәселені қарастырылған. Цифрлық генератор сұлбасын модернизациялау қажеттілігі оның шығысында пайда болған ұзақтылығы кездейсоқ және олардың арасындағы интервалдары жалған-кездейсоқ ипульстер тізбегі санының артуымен байланысты. Осы мақсатқа жету үшін бес разрядты сызықтық кері байланысы бар ығыстыру регистрі негізінде құрылған жалған-кездейсоқ импульстер тізбегінің сандық генераторының сұлбасына аздаған қосымша элементтер қосылған. Импульстердің жалған-кездейсоқ тізбегінің сандық генераторының жаңартылған сұлбасы және Саллена-Ки атты екінші ретті төменгі жиілікті белсенді RC фильтрінің негізінде, дыбыстық шудың сандық генераторы жасалынған. Оның, прототипке қарағанда айырмашылығы, қайталану периоды ~ 4 * (2N) – 1) - ға тең аралығында шығыс сигналдары шынымен кездейсоқ және сұлба дизайны қарапайым.
ПСЕВДО-КЕЗДЕЙСОҚ ИМПУЛЬСТЕР ТІЗБЕГІНІҢ ҰЗАРТЫЛҒАН ҚАЙТАЛАНУ ПЕРИОДЫ БАР ЦИФЛЫҚ ГЕНЕРАТОР СУЛБАСЫ
Жарияланған June 2021
87
123
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Заурбек, А. і Джурунтаев, Д. 2021. ПСЕВДО-КЕЗДЕЙСОҚ ИМПУЛЬСТЕР ТІЗБЕГІНІҢ ҰЗАРТЫЛҒАН ҚАЙТАЛАНУ ПЕРИОДЫ БАР ЦИФЛЫҚ ГЕНЕРАТОР СУЛБАСЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 210–214.